ЖЕРГІЛІКТІ КОМПАНИЯЛАР

"Нұржанар" АҚ 1993 жылы Орал Сыра алкогольсіз зауытының базасында құрылды. Кәсіпорынның тарихы 1969 жылы қуаты жылына 250 мың дал болатын алкогольсіз сусындар өндіру цехы іске қосылған кезден басталады.

1970 жылы қуаты жылына 1 млн.дал сыра құю желісі, ал 1971 жылы өндірістік қуаты жылына 6600 тонна уыт шығаратын цех іске қосылды.

2004 жылы зауытты кезең-кезеңмен жаңғырту басталады, ол 2007 жылы аяқталады. Сыра өндірісінің барлық технологиялық тізбегі бойынша сақтау мерзімі ұзақ жоғары сапалы өнімді алуға мүмкіндік беретін заманауи технологиялық жабдық орнатылады.

2011 жылы бөтелкедегі ауыз суды өндіру цехы іске қосылды.

Бүгінгі таңда "Нұржанар" АҚ-да сыраның он сорты ("Нұржанар", "Рига", "Рига премиум" "Уральское", "Жигулевское", "Самурай", "Чех Добришь" және басқалары), "Нұржанар" және "нан" квасы және "Нұржанар"ауыз суы өндіріледі. Өнімдердің барлық түрлері төмен алкогольді және сергіткіш сусындар ретінде пайдалануға арналған.

Сыра, су және квас өндірісінің техникалық деңгейі үздік шетелдік және отандық аналогтарға сәйкес келеді.

Кәсіпорында ҚР СТ ИСО 9001 халықаралық стандартына сәйкестікке сертификатталған сапа менеджменті жүйесі жұмыс істейді. "Нұржанар" АҚ-да өндірілетін барлық өнім түрлері сертификатталған және сәйкестік белгісімен таңбаланады.

Кәсіпорын құрамына өндірістік цехтар кіреді: қайнату, ашыту-лагерь цехы, сыра құю цехы, бөтелкедегі ауыз су мен сусындарды құю цехы.

Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы,
Орал қаласы, Полевая көшесі 8;
телефон: 8 7112 21-52-77;
электрондық пошта: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Сайт: nurzhanar.kz
Instagram: @nurzhanar.kz

Сіздің компанияңыз туралы ақпаратты тіркеу немесе жаңарту үшін бізге төмендегі сілтеме бойынша хабарлама жіберіңіз.

Жергілікті компанияларды қолдау қызметі


Please publish modules in offcanvas position.