ЖЕРГІЛІКТІ КОМПАНИЯЛАР

Қырық жылдан астам тарихы бар "Батыс Қазақстан Құрылыс Материалдарының Корпорациясы" акционерлік қоғамы құрылыста пайдаланылатын материалдарды (силикатты кірпіш, әк, құрғақ құрылыс қоспалары, қуысты бетон және т.б.) шығаруға маманданған Қазақстанның батыс өңіріндегі ең көне кәсіпорын болып табылады.

Батыс Қазақстан облысының әкімшілік орталығы Орал қаласының маңындағы бор мен кварц құмының бай қоры құрылыс материалдары индустриясын дамыту үшін қолайлы алғышарттар жасады.

Құрылыс материалдарына сұраныстың артуын ескере отырып, 1967 жылы Орал қабырға материалдарының өндірістік бірлестігі құрылды. Тоқсаныншы жылдары кәсіпорын өмір сүру мақсатында үш тәуелсіз өндірістік фирмаларға бөлінді. Өтпелі кезеңнің қиындықтарына қарамастан, өндіріс тоқтатылған жоқ, өндіріс базасы мен еңбек ұжымы сақталды.

2005 жылдың соңында жоғарыда аталған үш құрылыс компаниясы-"Силикат" ЖШС, "Орал силикат кірпіш зауыты" ААҚ және "Орал әк зауыты" ААҚ техникалық қайта жарақтандырудың және өндірісті дамытудың өзекті міндетін шешу үшін бірігіп, "Батыс Қазақстан Құрылыс Материалдарының Корпорациясы"акционерлік қоғамын құрды.

   "БҚКЖО" АҚ шығаратын барлық өнім сертификатталған, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы жұмыстарға (көрсетілетін қызметтерге) мемлекеттік лицензиясы бар. Кәсіпорын облыстың силикат кірпіші мен әкке деген қажеттілігін толық өтейді, өнімнің бір бөлігі республиканың көршілес облыстарына жеткізіледі.

Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы,
Орал қаласы, Зашаған кенті, Әзірбайжан көшесі, 48,
тел: 8 (7172)50-10-17
Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Сіздің компанияңыз туралы ақпаратты тіркеу немесе жаңарту үшін бізге төмендегі сілтеме бойынша хабарлама жіберіңіз.

Жергілікті компанияларды қолдау қызметі


Please publish modules in offcanvas position.