"Ақжайық" тұрғын үй кешені
Жасампаздыққа инвестиция сал
СІЗДІҢ БОЛАШАҚ ЖЕТІСТІКТЕРІҢІЗГЕ
АРНАЛҒАН ОРЫН

Батыс Қазақстан облысының инвестицияларды тарту, инвестициялық ахуалды жақсарту және экспортты ілгерілету жөніндегі өңірлік кеңес отырысы

2021 жылғы 7 маусымда онлайн режимде Батық Қазақстан облысы әкімінің төралығымен инвестицияларды тарту, инвестициялық ахуалды жақсарту және экспортты ілгерілету жөніндегі өңірлік кеңес отырысы өткізілді. Аталған отырыста бизнес өкілдері және мемлекеттік органдар басшылары қатысты.

Кеңес аясында Бәйтерек ауданында «Аккумуляторлық батареялар өндіретін зауыт құрылысы» жобасы («Кайнар-Акб» ЖШС), Орал қаласында «Кәсіпкерлікті дамытудың инновациялық орталығы» (шағын индустриалдық аймақ) жобасы («Dariyn Pro Invest Group» ЖШС), Сатимола және Шалқар кен орындарында «Калий тыңайтқыштары зауыты құрылысы» жобасы («SRPM Resources Ltd» ЖШС), Теректі ауданында «Шалқар көлінде туристік қызметті ұйымдастыру» жобасы (Куксова ЖК), Орал қаласында «Медициналық орталық» жобасы («КДЛ Олимп» ЖШС БҚФ) қарастырылды.

Отырыс қорытындысы бойынша жалпы құны 458,5 млрд.теңгеге 1950 жаңа жұмыс орнын құра отырып 5 жаңа жоба қаралып, барлығы қолдау тапты. Осы жобаларды іске асыру машина жасау, АӨК, калий тыңайтқыштарын өндіру, туризм және медицина салаларында негізгі капиталға инвестициялар көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Please publish modules in offcanvas position.