"Ақжайық" тұрғын үй кешені
Жасампаздыққа инвестиция сал
СІЗДІҢ БОЛАШАҚ ЖЕТІСТІКТЕРІҢІЗГЕ
АРНАЛҒАН ОРЫН

Жұмысшы мамандықтар жылын өткізу аясында колледж студенттеріне өндіріс экскурсиясы ұйымдастырылды

Жұмысшы мамандықтар жылын өткізу жөніндегі іс-шаралар аясында БҚО Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарына колледж студенттері үшін таныстыру экскурсиялары мен Дублер күндерін ұйымдастырады. Бұл іс-шараның мақсаты – жастар арасында жұмысшы мамандықтарын дәріптеу, олардың беделін арттыру және өнеркәсіптік кәсіпорындармен өзара іс-қимылды күшейту арқылы арнаулы орта оқу орындарында кадрлар даярлау сапасын арттыру.

2025 жылғы 19 қарашада «Сервис» Орал технологиялық колледжінің студенттері кәсіпорынның цехтарына барды. Онда биг-бэгтер, вагон төсемдер, қорғаныш шатырлар және полипропилен маталар өндірісі ұйымдастырылған. Студенттер өндірісті ұйымдастыру, технологиялық процестер, жабдықтармен және тігіншінің жұмыс орнымен танысты.

Компания өкілдері студенттерді практикадан өтуге шақырды, еңбек жағдайлары, еңбекақы деңгейі және кәсіпорындағы жұмыс кестесі туралы ақпарат берді.

Please publish modules in offcanvas position.