Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмасына сәйкес, облыстағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларының тұрақтылығын қамтамасыз ету және проблемалық мәселелерді анықтау мақсатында облыс әкімінің міндетін атқарушы Қ.Айтмұхамбетовтің төрағалығымен жергілікті мемлекеттік органдар мен сауда желілері өкілдерінің қатысуымен кеңес өтті.
Кеңес қорытындысы аясында облыс аумағындағы сауда желілерінде мерекелік күндер қарсаңында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына науқандар мен жеңілдіктер ұйымдастыру мүмкіндіктері, облыстық тұрақтандыру қорының тауарларының ағымдағы жағдайы және сауда заңнамасына енгізілген өзгерістер туралы талқыланды.