"Ақжайық" тұрғын үй кешені
Жасампаздыққа инвестиция сал
СІЗДІҢ БОЛАШАҚ ЖЕТІСТІКТЕРІҢІЗГЕ
АРНАЛҒАН ОРЫН

Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастығының XXI форумы

2025 жылдың 11-12 қарашасында Орал қаласында Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастығының XXI форумы өтті.

Форумның негізгі тақырыбы – "Жұмысшы мамандықтары – экономика өсімінің драйвері".

Форум аясында ҚР Білім министрлігі мен "Talap" КЕАҚ жұмысшы мамандықтар жылына орайластырылған технологиялық көрме ұйымдастырды. Көрме төрт тақырыптық павильонды қамтыды:

  1. Сандық технологиялар және ЖИ

  2. Көлік және логистика

  3. Энергетика және жасыл технологиялар

  4. Агроөнеркәсіп

Көрмеге Қазақстанның әртүрлі өңірлерінен ТжКБ ұйымдары, университеттер, "Самұрық-Қазына" АҚ компаниялар тобы, Батыс Қазақстан облысының кәсіпорындары, сондай-ақ Қазақстанның жетекші IT-компаниялары қатысты.

Көрме озық технологияларды енгізуде және кадрларды даярлаудың заманауи тәсілдерін қалыптастыруда бизнес пен білімнің синергиясын көрсетті, сондай-ақ кәсіптік бағдарлау үшін тиімді алаң болды. Екі күн ішінде оған 4000-нан астам оқушы келіп, жұмысшы мамандықтарымен және заманауи технологиялармен жақынырақ танысуға мүмкіндік алды.

Please publish modules in offcanvas position.