Жұмысшы мамандықтар жылын өткізу бойынша іс-шаралар шеңберінде БҚО кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы БҚО білім басқармасының методикалық орталығымен және колледж басшылығымен бірлесіп 1-курс студенттерінің бірқатар кәсіпорындардың инженерлік-техникалық бағытының басшыларымен кездесулерін ұйымдастырды.
Атап айтқанда, кездесуге «Оралагрореммаш» АҚ-ның бас технологы А.А. Чикинова, «Оралтрансформаторлық зауыты» ЖШС-нің инженер-конструкторы Б.К. Еламанов және БҚО дирекциясы – «Қазақтелеком» АҚ филиалы учаскесінің бастығы И.Т. Иманғазиев қатысты.
Кәсіпорын өкілдері өндірістік қызметтің қазіргі жағдайы, болашаққа жоспарлар, кәсіпорындардағы мамандар туралы, қандай мамандарға қажеттілік бар екендігі, жас кадрларды тарту шаралары және басқа да толық ақпарат ұсынды.
Сондай-ақ, кездесуде білім басқармасының өкілі Р.Т. Қуаншалиева және колледж директоры С.Х. Мұхамбетқалиев сөз сөйледі.
Студенттер мен оқытушылар тарапынан бірқатар сұрақтар қойылып, оларға толық жауаптар берілді.
Жалпы, өте мазмұнды кездесу өтті деп айтуға болады; студенттер көптеген жаңа пайдалы ақпарат алды, оның ішінде одан әрі кәсіби бағдар бойынша.