"Ақжайық" тұрғын үй кешені
Жасампаздыққа инвестиция сал
СІЗДІҢ БОЛАШАҚ ЖЕТІСТІКТЕРІҢІЗГЕ
АРНАЛҒАН ОРЫН

«WestKazInvest - 2022» халықаралық инвестициялық форумы

Ағымдағы жылдың 23 қыркүйегінде Орал қаласында, «Атамекен» өнер орталығында Ресей Федерациясының шекаралас облыстары, мемлекеттік органдар, әлеуетті шетелдік инвесторлар мен даму институттары, Батыс Қазақстан облысының бизнес-қоғамдастықтары өкілдерінің қатысуымен «WESTKAZINVEST-2022» халықаралық инвестициялық форумы өтуде.

Шараның мақсаты – өңірдің инвестициялық әлеуеті мен мүмкіндіктерімен таныстыру, жаңа өндірістерді оқшаулау, инвестициялық жобалармен таныстыру, сауда-экономикалық байланыстарды орнату, тәжірибемен алмасу және өңіраралық ынтымақтастықты нығайту.

Форум аясында облысымыздың және Ресей Федерациясының шекаралас облыстарының тауар өндірушілерінің көрмесі ұйымдастырылып, онда тауар өндірушілердің өнімдерімен танысуға болады. Сондай-ақ мұнай-газ секторына, агроөнеркәсіптік кешенге және ІТ-технологияларға инвестиция тарту бойынша панельдік сессиялар өтеді.

Форумнын сайты https://westkazinvest-2022.kz

Please publish modules in offcanvas position.