ИНВЕСТОРЛАРҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫ

Инвесторларға қызмет көрсету орталығы (ИҚКО) инвесторлармен жұмыс жөніндегі жауапты ұйым және өңірге инвестициялар тартуға байланысты барлық деректерді жинақтайтын орган болып табылады.

 

 

ИҚКО инвесторларға "бір терезе" қағидаты бойынша мынадай бағыттар бойынша қызмет көрсету жөніндегі функцияларды жүзеге асырады:

1) Батыс Қазақстан облысының аумағында болған барлық уақыт ішінде әлеуетті инвесторларды (орта және ірі инвестициялық жобаларды) сүйемелдеу;

2) инвесторлар тарту, өңір жобалары үшін қаржыландыру көздерін іздеу, өңірдің инвестициялық имиджін ілгерілету бойынша қажетті шараларды жүзеге асыру, сондай-ақ шетелдік инвестицияларды тарту бойынша іс-шараларды, оның ішінде роуд-шоу, бизнес-форумдар, дөңгелек үстелдер;

3) инвесторларды қабылдау және кеңес беру;

4) мемлекеттік қолдау шараларын көрсету мүмкіндігіне және жобаларды кейінгі инвестициялық сүйемелдеуге инвестициялық жобалардың ағымдағы жай-күйінің мониторингі;

5) жұмыс істеп тұрған инвесторлардың тізімін қалыптастыру және оларды Батыс Қазақстан облысының перспективалы жобаларының тізіліміне енгізу;

6) жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларына консультациялық сүйемелдеу көрсету;

7) ИҚКО ғимаратында инвесторға қажетті кездесулерді ұйымдастыру;

8) әлеуетті инвесторларға визалық қолдауға жәрдемдесу болып табылады;

9) өңірдің ҚПҚ, КТПҚ, КСШ кен орындары туралы ақпарат беру;

10) техникалық шарттар мен рұқсат беру құжаттарын алу;

11) инвесторларға өңірдің, оның ішінде өңірден тыс инвестициялық жобаларын таныстыру;

12) инвесторларға барлық коммуникациялармен ИҚКО ғимаратында уақытша жұмыс орнын ұсыну, сондай-ақ кіріс хат-хабарларға қызмет көрсетуді қамтамасыз ете отырып, уақытша заңды мекенжайды ашу үшін үй-жайды жалға алу мүмкіндігі және көрсетілетін қызметтердің басқа да түрлері.

Инвесторды сүйемелдеу сонымен қатар кеңсені тегін пайдалануға ұсынуды, инвестордың заңды тұлғасын немесе оның ИҚКО кеңсесінің аумағында өкілдігін тіркеу мүмкіндігін, барлық инстанцияларда инвестордың мүддесін білдіретін дербес менеджерді бекітуді білдіреді.

Мекен жайы:
Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы,
Орал қаласы, Исатай-Махамбет көшесі, 84, 2 қабат.
Тел.: 8 (7112) 24 16 17
E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Байланыстар:
Директор Сугурбаев Даурен Кайргалиевич
Тел.: 8 771 217 76 76
E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Бас менеджер Алдияров Жамбыл Байгалиевич
E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Instagram Facebook

 

Please publish modules in offcanvas position.