ЖК "Ашығалиев С.С."
- Өнімді таңдаңыз: тауар
- Салалар бойынша қарау: тамақ өнеркәсібі
Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе кентінде жеке кәсіпкер Ашығалиев Сержан Саматұлы "ДЕМ" ауыз суын құю цехын ашты.
"Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасы аясында цех ғимараты салынып, жабдықтар сатып алынды. Нысан 2015 жылдың мамыр айында пайдалануға берілді.
"Ашығалиев С.С." ЖК қызметінің мәні мен мақсаты халықтың сапалы ауыз суға деген қажеттіліктерін барынша толық қанағаттандыруға жәрдемдесу болып табылады.
Өндірісте тек жергілікті шикізат қолданылады.
Кәсіпорын 0.5, 1.0 және 1.5 литрлік газдалған және газдалмаған ауыз суды полиэтилен ыдыстарға құяды.
2015 жылы Кеден одағының сәйкестігі туралы Декларация алынды және 2016 жылдың маусымында жаңарту жасалды. Сондай-ақ, 2016 жылдың сәуір айында тауардың шығу тегі туралы сертификат алынды.
"ДЕМ" сауда маркасымен 2016 жылдың мамыр айында Астана қаласында Даму Қоры ұйымдастырған Отандық тауар өндірушілер көрмесіне қатысып, дипломмен марапатталды.
Жергілікті компанияларды қолдау қызметі