2025 жылғы 3 желтоқсанда облыс әкімдігінде бірқатар қытай компанияларының өкілдерімен кездесу өтті. Кездесуге облыс әкімінің орынбасары Мулқай М.Р., Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Өтепбаев Н.С., сондай-ақ «СПК «Ақжайық» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Беккалиева Ж.П. қатысты.
Кездесу барысында көлік-логистикалық хабтың, газ-турбиналық электр станциясының (ГТЭС), сондай-ақ электр сымдары мен кабель өндіретін зауыттың құрылысы бойынша жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктері талқыланды.
Потенциалды инвесторлар әрбір жоба бойынша қажетті жер учаскелерін, инфрақұрылым мен коммуникацияларға қойылатын техникалық шарттарды көрсететін толыққанды бизнес-жоспарларды жақын арада ұсынуға міндеттенді. Ұсынылған құжаттарды барлық мүдделі тараптар жан-жақты зерделеп, келісіп болғаннан кейін жаңа жобаларды іске асыру жөніндегі келісімдерге қол қою жоспарланып отыр.