Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні — әрбір қазақстандық үшін айрықша мәні бар, ел тарихындағы ең қастерлі мерекелердің бірі. Бұл күн – азаттық пен бірліктің, достық пен ынтымақтың, ауызбіршілік пен татулықтың айқын көрінісі.
Осы атаулы мереке қарсаңында Орал қаласының кәсіпкерлері де өз кәсіпкерлік нысандарын мерекелік әшекейлермен безендіріп, мерекені кеңінен тойлауға және насихаттауға қолдау көрсетуде.