Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің бастамасымен «Береке Fest» атты ауқымды республикалық акция іске қосылды.
Аталған акция әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыруға, қазақстандық өндірушілерді қолдауға, қоғамда жағымды көңіл-күй қалыптастыруға және отандық өнімді тұтынуды ынталандыруға бағытталған.
Акцияның мақсаттары:
-
Тауар бағасын уақытша төмендету арқылы халыққа түсетін қаржылық жүктемені азайту;
-
Өнімнің қолжетімділігін арттыру арқылы тұтыну көлемінің өсуіне ықпал ету.
Өткізу форматы:
-
Сауда желілерінде азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар төмендетілген бағамен сатылады;
-
Сауда орындарының витриналары мен жарнамалық материалдары «Береке Fest» бірыңғай стилінде безендіріледі.
Акцияның өткізу мерзімі:
-
Ағымдағы жылдың 23–31 желтоқсан аралығы.
Кампанияның негізгі месседждері:
-
«Берекелі елдің сөресі толы!»
-
«Әр үйге береке тілейміз!»
-
«Береке Fest – дастарханың толы болсын!»