Осы жылдың 21 қарашасында Батыс Қазақстан облысының Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Өтепбаев Н. С. «СПК “Aqjaiyq”» АҚ қызметкерлеріне корпорацияның 15 жылдық мерейтойына орай алғыс хаттар табыстады.
Өтепбаев Н. С. олардың кәсіби біліктілігін, өңірдің дамуына қосқан үлесін және адал еңбегін атап өтті.