Батыс Қазақстан облысында инвестициялық штабтың отырысы өтті: басты басымдық — инвесторларды тарту.
Батыс Қазақстан облысының әкімдігінде облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің төрағалығымен инвестициялық штабтың отырысы ұйымдастырылды. Инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы мен проблемалық мәселелер бойынша «Белес Агро» ЖШС, «Берекет» ЖШС, «Уральск Офис» ЖШС, «Алаш Метан» ЖШС және «Инвиктус» ЖШС басшылары баяндама жасады.
Инвестиция тарту ахуалы және жаңа жобалар туралы БҚО кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Нұржан Өтепбаев баяндады. Сонымен қатар аудан әкімдері мен басқарма жетекшілері атқарылған жұмыстар туралы ақпарат берді.
Отырыс қорытындысында облыс әкімі инвесторларды тарту — өңір экономикасын дамытудың басты міндеттерінің бірі екенін атап өтіп, орынбасарларына, салалық басқармаларға және Орал қаласы мен аудан әкімдіктеріне нақты нәтижелерге қол жеткізу үшін жұмысты жандандыруды тапсырды.