Қазақстан Республикасының Президенті Қ. К. Тоқаевтың тапсырмасын орындау мақсатында өңірлерде бақылау-қадағалау органдарының бизнес-қоғамдастық алдында «Бірыңғай есеп беру күнін» өткізу практикасы енгізілді.
2025 жылғы 25 қыркүйекте (қыркүйек айының соңғы бейсенбісі) облыс әкімінің орынбасары Қ. Айтмұхамбетов пен облыс прокурорының міндетін атқарушы Д. Умарғалиевтің төрағалығымен облыс әкімдігінің конференц-залында жергілікті атқарушы, бақылау-қадағалау органдары мен кәсіпкерлердің қатысуымен «Бірыңғай есеп күні» өткізілді.
Іс-шара аясында бақылау-қадағалау қызметін жүзеге асыратын органдар облыс кәсіпкерлерінің алдында атқарылған жұмыстар туралы есеп берді.
«Бірыңғай есеп күнін» өткізудің мақсаты – бақылау-қадағалау қызметін реформалау шеңберінде мемлекеттік бақылау және қадағалау мәселелері бойынша заңнаманың міндетті талаптарын бұзудың жүйелі алдын алуды дамыту, сондай-ақ тұрақты әрі қауіпсіз қызметті жүзеге асыру үшін кәсіпкерлер мен ұйымдардың құқықтық сауаттылығын арттыру болып табылады.