2025 жылғы 24 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Өтепбаев Н. С. «Packaging Systems» ЖШС-не барып, кәсіпорынның ағымдағы қызметімен танысты.
Аталған компания өнімдерін Англия, Германия, Шотландия, Литва, Польша, Австрия, Франция, Бельгия, Сербия және басқа да елдерге экспорттайтын ірі экспорттаушылардың бірі болып табылады. Кәсіпорын жылына 6 млн дана биг-бэг, 60 мың дана вагондық қаптама және 4 800 тонна полипропилен матасын өндіруге мүмкіндікке ие.
Сонымен қатар басқарма басшысы кәсіпорында іске асырылып жатқан мата қию және басып шығару бойынша жаңа инвестициялық жобаның барысымен танысты.
Жоба импортты алмастыруға бағытталған, сондай-ақ өнімді сыртқы нарықтарға шығару жоспарлануда.
Жобаны іске асыру жеңіл өнеркәсіптегі өндіріс көлемін арттыруға, салық аударымдарын ұлғайтуға және жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді.