Облыс әкімінің орынбасары Т.Каюповтың төрағалығымен Орал қаласының ірі сауда орталықтары, сауда желілері, ойын-сауық орталықтары директорларының қатысуымен 25 қазан – Республика күніне орай «Republic Day» мерекелік жеңілдіктер акциясын ұйымдастыру мәселесі бойынша кеңес өтті.
Отырыс нәтижесінде Орал қаласының ірі сауда үйлері мен ойын сауық орталықтарында ағымдағы жылдың 24-27 қазан аралығында республикалық акция аясында тауарлар мен қызметтер түріне 10-20% жеңілдіктер қарастырылатын болады.