Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмасына сәйкес Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Т. Каюповтың төрағалығымен жергілікті атқарушы органдардың, облыстың көтерме сауда ұйымдары мен супермаркеттер желілері өкілдерінің қатысуымен «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасын реттеу мәселелері» тақырыбында кеңес өткізілді.
Кеңес аясында Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Н. Өтепбаев облыстағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының ағымдағы жағдайы туралы баяндады.
Сонымен қатар көтерме сауда ұйымдары мен тауар жеткізушілерінің өзекті мәселелері талқыланды.