"Ақжайық" тұрғын үй кешені
Жасампаздыққа инвестиция сал
СІЗДІҢ БОЛАШАҚ ЖЕТІСТІКТЕРІҢІЗГЕ
АРНАЛҒАН ОРЫН

Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Исақұлов Рақымжан Ержанұлының облыс тұрғындарымен есептік кездесуі

Ағымдағы жылдың 7 қарашасында Орал қаласында облыс әкімінің орынбасары Мүлқай Мирас Рүстемұлының қатысуымен Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Исақұлов Рақымжан Ержанұлының облыс тұрғындарымен есептік кездесуі өтті.

Кездесу барысында өңдеу өнеркәсібі мен құрылыс саласын дамыту, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жер қойнауын пайдалану, қорғаныс өнеркәсібі және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған өзекті мәселелер талқыланды.

Тұрғындар мен бизнес өкілдері «Орал «Зенит» зауыты» АҚ-ны жекешелендіру, модульдік жүйелерді автоматтандыру бойынша жаңа жобаларды енгізу, сондай-ақ Ресей Федерациясымен экспорт-импортты дамыту мәселелерін көтерді.

Вице-министр көтерілген мәселелер бойынша жан-жақты түсініктеме беріп, оларды шешу мақсатында нақты шаралар қабылданатынын атап өтті.

Іс-шара соңында бизнес өкілдерінің жеке қабылдауы ұйымдастырылды.

Please publish modules in offcanvas position.