"Ақжайық" тұрғын үй кешені
Жасампаздыққа инвестиция сал
СІЗДІҢ БОЛАШАҚ ЖЕТІСТІКТЕРІҢІЗГЕ
АРНАЛҒАН ОРЫН

Орал қаласының базарларын жаңғырту жөніндегі кеңес

Облыс әкімінің орынбасары Т.Е. Каюповтың төрағалығымен Орал қаласының сауда базарларын жаңғырту мәселесі бойынша мүдделі мемлекеттік органдар мен сауда базарлары директорларының қатысуымен кезекті кеңес өткізілді.

Отырыс аясында Батыс Қазақстан облысы кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Н.С. Өтепбаев Орал қаласы бойынша жаңғыртуға жататын 14 сауда базарының реконструкциясы мен модернизациясы шеңберінде атқарылған жұмыстар туралы баяндады.

Отырыс қорытындысы бойынша облыс әкімінің орынбасары жаңғыртуға жататын сауда базарларын реконструкциялау жұмыстарын бекітілген кестеге сәйкес уақтылы жүргізуді, сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органдарға реконструкциялау кезеңінде жан-жақты қолдау көрсетуді қамтамасыз етуді тапсырды.

Please publish modules in offcanvas position.