Бүгін (28.12.2022ж.) Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында БҚО кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Бауыржан Сатқалиевтің қатысуымен баспасөз маслихаты өтті.
Бауыржан Табиғатұлы облыстағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға тұрақтылығы туралы, оларға жүргізілетін мониторинг нәтижелері, бағаның негізгі өсу себептері, делдалдық схемаларды анықтау жөніндегі комиссияның жұмыс нәтижесі және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын үстеме бағамен сату фактілері бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндады.