Ертең 7 желтоқсан сағат 10.00-де “Атамекен” өнер ордасында облыс әкімдігінің, Халықаралық машина жасау орталығының (IBMC), КПО б.в. компаниясының және оның мердігер ұйымдарының қатысуымен жергілікті өндірушілерді қолдау Форумы өтеді.
Іс-шара шеңберінде ірі жобалармен танысу, ірі компаниялардың, атап айтқанда б.в. КПО мен оның мердігерлік ұйымдарының сатып алуларындағы жергілікті қамту мәселелері талқыланады.
Сондай-ақ, КПО б.в. мердігерлік компанияларының тауар өндірушілермен оларды қолдау және проблемалық мәселелерді талқылау мақсатында В2В кездесулері ұйымдастырылады.