2022 жылғы 1-15 желтоқсан аралығында «Әлеуметтік кәсіпкерлік» мәртебесін алу үшін жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардан құжаттар қабылдау жүргізіледі.
«Әлеуметтік кәсіпкерлік» мәртебесін халықтың әлеуметтік осал топтарының адамдарын жұмыспен қамтуға ықпал ететін және 4 (төрт) санатта айқындалған халықтың әлеуметтік осал топтарының азаматтарына арналған тауарлар өндіру, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілері ала алады.
Құжаттарды қабылдау: Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы
Пошталық мекен-жайы: 090000.
Электрондық пошта мекен-жайы: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Толық ақпаратты: Орал қаласы, Хамида Чурина 116, 1-қабат, 108 каб. немесе телефондары арқылы білуге болады: 50-64-36.
Нысанасы: 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 20-бабына және 79-4-бабының 1-тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасының Үкіметі 2021 жылдың 11 қарашада №795 «Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерін айқындау туралы» бекітілген қаулысына сәйкес облыс аумағындағы әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту бастамаларын жүзеге асыруға құжаттарын Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы қабылдайды.
Өтінім берілетін жер: Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы.
Құжаттаманы ұсыну мерзімі: 2022 жылдың 1 желтоқсанына бастап 2022 жылдың 15 желтоқсан аралығында, жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін (жергілікті уақытпен). Көрсетiлген мерзiм өткеннен кейiн түскен өтінімдер қабылданбайды.
Өтінімдерді берудің басталу күні мен уақыты: 2022 жылдың 1 желтоқсаны сағат 9.00-ден бастап (жергілікті уақыт).
Өтінімдерді берудің аяқталу күні мен уақыты: 2022 жылдың 15 желтоқсаны сағат 18.00-ға дейін (жергілікті уақыт).