Ағымдағы жылдың 17 қарашасында облыс әкімі Ғ.Есқалиевтің қатысуымен Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрында бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз-2022» конкурсының облыстық жеңімпаздарын салтанатты марапаттау шарасы өтті.
Конкурс қорытындысы бойынша облыстың келесі кәсіпорындары жеңімпаз деп жарияланды:
«Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын»- «Казбургаз» АҚ мен «Шыңғырлау астық қабылдау кәсіпорны» ЖШС;
«Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын»-«ТМК-Казтрубпром» ЖШС, «Әділ» ЖК мен «Лигабуе Орталық Азия» ЖШС;
«Үздік ұжымдық шарт»-«Зенит» Орал зауыты» АҚ мен «Орал сауда-өндірістік компаниясы» ЖШС;
«Экологияға қосқан үлесі үшін»-«Жайықмұнай» ЖШС мен«Сартаев» ЖК;
«Жылдың үздік әлеуметтік жобасы»-«Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» Қазақстандық филиалы.