"Ақжайық" тұрғын үй кешені
Жасампаздыққа инвестиция сал
СІЗДІҢ БОЛАШАҚ ЖЕТІСТІКТЕРІҢІЗГЕ
АРНАЛҒАН ОРЫН

"Қазақстанның үздік тауары" өңірлік конкурсына қатысушыларды марапаттау рәсімі

2022 жылғы 15 шілдеде облыс әкімі Г.Н. Есқалиевтің қатысуымен "Қазақстанның үздік тауары" өңірлік көрме – конкурсының қатысушыларын марапаттау рәсімі өтті.

"Қазақстанның үздік тауары" өңірлік көрме-конкурсының негізгі мақсаты өндірілетін өнімнің сапасын және отандық тауар өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады.

Байқауға өңірдің 40 тауар өндірушісі қатысты, оның ішінде номинациялар бойынша:

- "Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар" - 9 қатысушы;

– "Үздік азық-түлік тауарлары" - 16 қатысушы;

- "Халыққа арналған үздік тауарлар" - 15 қатысушы.

Әр номинацияда үш жеңімпаз анықталды, барлығы 9 жеңімпаз республикалық деңгейде облысты таныстырады.

"Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар"номинациясы

I   орын   «ТМК-Казтрубпром» ЖШС

II  орын  «Стекло-Сервис» ЖШС

III орын «ОК Орал кабель» ЖШС

"Үздік азық-түлік тауарлары"номинациясы

I  орын «Тәжірибелік-өнеркәсіптік өндірістің оқу-ғылыми аквакультура кешені» ЖШС-Орал бекіре зауыты

II   орын     «Желаев астық өнімдері комбинаты» АҚ

III  орын     «Сергазиев И.С.» ШҚ

"Халыққа арналған үздік тауарлар" номинациясы

I  орын «Балзия» ЖШС

II орын «Zhulduz» ЖК

III орын «Нуртана» ЖШС    

Please publish modules in offcanvas position.