"Ақжайық" тұрғын үй кешені
Жасампаздыққа инвестиция сал
СІЗДІҢ БОЛАШАҚ ЖЕТІСТІКТЕРІҢІЗГЕ
АРНАЛҒАН ОРЫН

«Aqjaiyq fest» этнофестивалі өткізілді

Халықаралық балаларды қорғау күніне және жазғы маусымның ашылуына орай Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы «Aqjaiyq fest» этнофестивалін өткізді. Фестивальге Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Дементьева Наталья Григорьевна және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер Комитетінің мүшесі Амирханян Аветик Рубенович қатысты. Этнофестиваль аясында «Әлем балалар көзімен» сурет көрмесі, аквагрим, ұлттық ойындар, қолөнершілер көрмесі, шатырлы лагерь, туристік кедергілер жолағы, спорттық ойындар, этноауыл, аттармен қыдыру, иттер көрмесі, концерттік бағдарлама, спорттық бағдарлау, қайықпен серуен ұйымдастырылды. Аталған іс-шараға 300-ден астам бала қатысты.

Please publish modules in offcanvas position.