Батыс Қазақстан облысы – Қазақстанның Еуропаға және Ресейдің еуропалық бөлігіне ең жақын өңір екені белгілі.
Облысымыздың транзиттік әлеуетін пайдалану мақсатында, облыс әкімі Ғ.Есқалиев өзінің іссапарында Орал қаласында көлік-логистикалық хаб ашу туралы келісімге қол қойған болатын.
Облыс әкімі бизнесте халықаралық тәжірибесі бар SSistemLogistics түрік компаниясымен жобаны бастауға келісті. Жақын арада аталған компания жобаны қолға алмақ. Көлік-логистикалық хабтың бірінші кезеңін Орал қаласының әуежайындағы жүк терминалынан бастау жоспарланып отыр.
Жобаның басты мақсаты – Қазақстанның транзиттік әлеуетін пайдалана отырып, жүкті жеткізу құнын төмендету және жүкті жеткізу мерзімін қысқарту.
#меморандум #терминал #логистика #хаб