ЖЫЛЫ АЯЛДАМАЛАР

Суық мезгілде жылы аялдамалар жылынып, ыстық ауа-райында ішкі кеңістікті салқындатады, өз бағытын күткен адамдарға жайлы жағдай жасайды.

Жылы аялдамаларға инвестордың негізгі кірісі болып табылатын коммерциялық аймақ кіреді.

Коммерциялық аймақ кез-келген қызмет үшін пайдаланылуы мүмкін: азық-түлік дүкені, кофехана, тамақтану орны, фаст-фуд және т. б.

Сондай-ақ, мұнда Wi-Fi аймағын орнатуға болады. Желіде авторизациялау кезінде жолаушы сіздің жарнамаңызды міндетті түрде көреді.

14х4 метр павильонды дайындау орташа есеппен 7-8 миллион теңге тұрады (құнына коммуникацияларды жүргізу кірмейді).

Аялдама павильонына арналған учаске инвесторға 7 жыл мерзімге сенімгерлік басқаруға (жалға) беріледі. 7 жылдан кейін жерді жалға беруді ұзартуға болады.

 

Жер учаскелерінің мекенжайлары

Please publish modules in offcanvas position.