МЖӘ туралы
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік (МЖӘ) - бұл инфрақұрылымды құру немесе халыққа қызмет көрсету мақсатында ресурстарды біріктіруге және тәуекелдерді бөлуге негізделген мемлекет пен бизнес ынтымақтастығының нысаны.
МЖӘ-нің негізгі міндеттері:
1) Қазақстан Республикасының орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптестің тиімді өзара іс-қимылы үшін жағдайлар жасау;
2) халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету инфрақұрылымы мен жүйелерін дамыту үшін мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптестің ресурстарын біріктіру арқылы мемлекет экономикасына инвестициялар тарту;
3) халықтың, сондай-ақ өзге де мүдделі тұлғалардың мүдделері мен қажеттіліктерін ескере отырып, тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі мен сапасының деңгейін арттыру;
4) Қазақстан Республикасында жалпы инновациялық белсенділікті арттыру, оның ішінде жоғары технологиялық және ғылымды қажетсінетін өндірістерді дамытуға жәрдемдесу.
Республикада МЖӘ арқасында көптеген салалар (көлік, білім беру, денсаулық сақтау, ТКШ) белсенді дамуда. МЖӘ-ні кеңінен енгізу оларды іске асыру үшін бюджет қаражаты әрдайым жеткіліксіз болатын жобаларға инвестициялар тарту қажеттілігімен, сондай-ақ инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға құрылыс сатысына ғана емес, сондай-ақ инфрақұрылым объектісінің бүкіл өмірлік циклі үшін жауапты болатын жеке компанияларды тарту қажеттілігімен байланысты.