Біз туралы

Инвесторларға қызмет көрсету орталығы

ИҚКО инвесторлармен жұмыс жөніндегі жауапты ұйым және өңірге инвестициялар тартуға байланысты барлық деректердің жиынтық органы болып табылады.

ИҚКО келесі бағыттар бойынша инвесторларға "бір терезе" қағидаты бойынша қызмет көрсету жөніндегі функцияларды жүзеге асырады:

1) әлеуетті инвесторларды Батыс Қазақстан облысында болған уақыт аралығында қолдау (орта және ірі инвестициялық жобалар);

2) инвесторларды тарту, өңірдің жобалары үшін қаржыландыру көздерін іздеу, өңірдің инвестициялық имиджін ілгерілету бойынша қажетті шараларды жүзеге асыру, сондай-ақ шетелдік инвестицияларды тарту бойынша іс-шаралар, соның ішінде бизнес-форумдар, дөңгелек үстелдер;

3) инвесторларды қабылдау және кеңес беру;

4) мемлекеттік қолдау шараларын көрсету мүмкіндігіне инвестициялық жобалардың ағымдағы жай-күйінің мониторингі және инвестициялық қолдауды жүзеге асырудан кейінгі инвестициялық жобалардың ағымдағы жағдайына мониторинг жүргізу;

5) жұмыс істеп тұрған инвесторлардың тізімін қалыптастыру және оларды Батыс Қазақстан облысының перспективалық жобаларының тізіліміне енгізу;

6) мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің жергілікті жобаларына консультациялық қолдау көрсету;

7) ИҚКО ғимаратында инвесторға қажетті кездесулер ұйымдастыру;

8) әлеуетті инвесторларға визалық қолдауда жәрдем көрсету;

9) кен орындары туралы ақпарат беру;

10) техникалық шарттар мен рұқсат беру құжаттарын алу;

11) өңірдің, оның ішінде өңірден тыс инвестициялық жобаларын инвесторларға таныстыру;

12) барлық коммуникациялары бар ИҚКО ғимаратында инвесторларға уақытша жұмыс орнын ұсыну, сондай-ақ кіріс хат-хабарға қызмет көрсетуді қамтамасыз ете отырып, уақытша заңды мекен-жай ашу үшін үй-жайды жалға алу мүмкіндігі және басқа да қызмет түрлері.

Инвесторды сүйемелдеу сондай-ақ офисті тегін пайдалануға беруді, ИҚКО кеңсесінің аумағында инвестордың заңды тұлғасын немесе оның өкілдігін тіркеу мүмкіндігін, барлық инстанцияларда инвестордың мүддесін білдіретін дербес менеджерді бекітуді білдіреді.

Біздің серіктестер
БҚО инвестициялық порталы
Басқармасы "ММ кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму"БҚО
 
Хамид Чурин көшесі 116 +7 (7112) 24 16 17+7 771 217 76 96